ХАБАРЛАНДЫРУ Орыс топқа тәрбиешінің байқауы. » №14 «Жарқынай» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№14 "Жарқынай" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Приемная
+7(7262) 34-56-93
Бухгалтерия
+7(7262) 31-09-55
Версия для
слабовидящих
» » ХАБАРЛАНДЫРУ Орыс топқа тәрбиешінің байқауы.
03
апрель
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ Орыс топқа тәрбиешінің байқауы.

Конкурс өткізу туралы

 ХАБАРЛАНДЫРУ

Орналасқан жері: 080000, Тараз қаласы, «Аса»   мөлтек ауданы 43 «А». 

тел 34-56-93, detsad_14j@mail

Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№14 «Жарқынай» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»

Бос  лауазым атауы: тәрбиеші (орыс топқа) уақытша (декреттік демалыска шығуына байланысты)

Негізгі функционалдық міндеттері:

1. Балалардың денсаулығын сақтау және қорғау қызметін қамтамасыз ету;

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асыру;

3. Пәндік-дамытушылық  ортаны қалыптастыру, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік ету;

4. Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

5. Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсету;

6. Балалардың құқықтардың мен қызығушылықтарын қорғау;

Еңбек ақы мөлшері 1,1 штаттық бірлігі: 214752 тг

Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары педагогикалық немесе арнайы орта кәсіптік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі;
  • педагогикалық санаты: педагог-модератор;
  • еңбек өтілі: 3 жылдан жоғары;
  • компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгерген.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.03.2023ж. – 07.04.2023ж.

Қажетті құжаттар:

1) Жеке басты куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);

2) Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс-парағы және фото

3) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

7) наркологиялық  ұйымнан анықтама;

8) біліктілік тестілеу сертификаты, еңбек өтілі жоқ болса;

9) түйіндеме;

10) біліктілік тестілеу сертификаты;

Қонкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.03.2023ж. – 07.04.2023жыл аралығында.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив