12
ноябрь
2025
Кеңес: "Балаларға логопед не үшін қажет?"
Логопед балаға не үшін қажет?Логопед - баланың тілін (ауызша және жазбаша) түзету және дамыту қызметін атқаратын маман.
Логопед - тіл қызметінің қалыптасуын, фонетикасын,лексикасын, сөзбайланысын, тіл мүкістігін түзейді.
Тіл - баланың өмірінде әр түрлі қызмет атқарады. Дыбыс айтулығындағы кемістіктер баланың оқу, жазу дағдыларының, мінез-құлқының қалыптасуына әсер тигізеді.
Баланың сөйлеу дамуы - ата-ана назарынан тыс қалмауы тиіс маңызды процесс. Ерте жастағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, логопедпен жұмыс істеу - болашақта оқу, қарым-қатынас пен жалпы дамуға үлкен үлес қосады.